Слайд 4
![Пневмонияның клиникалық көрінісі. Көрінісіндегі басты синдромдар. Интоксикациялык(әлсіздік, делсалдық, тәбеттің жойылуы, бастың](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/700699/slide-3.jpg)
Пневмонияның клиникалық көрінісі.
Көрінісіндегі басты синдромдар.
Интоксикациялык(әлсіздік, делсалдық, тәбеттің жойылуы, бастың ауыруы,
бұлшықеттердің ауырсынуы, жүрек соғуы).
Өкпенің кабыну өзгерістері(қақырықты жөтел, кеуденің ауырсынуы, тыныс қимылында бір жағының қалыңқылығы, дауыс дірілі мен бронхофонияның күшеюі, перкуссиялық дыбыстың қысқаруы, ылғал сырылдар, осы ауруға тән рентгендік өзгерістер).
Бейспецификалык, қабыну өзгерістері (қалтырау, қызудың көтерілуі, қанның жедел фазалық көрсеткіштерінің жоғарылауы: лейкоформуланың солға ығысуы, нейтрофильдік лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарылауы, СРБ-тың пайда болуы, фибриногеннің көбеюі).
Тыныс жетіспеушілігі (ентікпе, тахипноэ, үстірт тыныс, гипоксемия).
Кеуде-құрсақтық синдром (диафрагмалық плевраның зақымдануынан ауырсынудың іш қуысына тарауы).
Өкпеден тыс зақымданулар (гепатит, миокардит, гломерулонефрит, энцефалопатия, менингизм, нефропатия).