Білім берудегі интерактивті тақтаны қолданудың үш кілттік бағытының артықшылығын қарастырайық.
1. Презентациялар,
демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану
Интерактивті тақта – визуалды ресурс. Сабаққа қажетті кез келген суреттер, сызбалар, кесте, диаграммаларды қолдануға мүмкіндік береді. Интернет желісіне қосылып ақпарат алуға, оқу материалын қозғалмалы күйге келтіру, абстрактілі ойлау мен түсінуді моделдеуге , обьектілерді ойлау мен түсінуді моделдеуге, обьектілер арсындағы байланыс орнатуға болады.
2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
Интерактивті тақтамен жаңа сабақ өткізу кезінде тиімді қолдануға болады. Әр пәннің өз ерекшелігімен қатар, өзіндік күрделігі де болады. Сондықтан ұстаздың міндеті осы күрделікті дұрыс құрастырып, сабақтың әр сағатын тиімді өткізу. Жалпы интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімін жетілдіру барысында іскерлігін дамыту, тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу.белсенділік танытып тапсырмаларды ұқыпты орындаған оқушылардың ой-өрісін жан-жақты жетілдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін дамытуына ықпалы зор.
3. Уақыт ұтымдығы
Мысалы, жаңа тақырыпты, үй тапсырмасын жазып уақыт алмаймыз. Алдын ала дайындалған материалдарды қолдау арқылы тіпті қиын тақырыпты оқушыларға меңгеруге оңай болады. Қолданылған материалдарды сақтап қоюға болады. Тіпті шетелдік оқыту әдісінде сабаққа келмей қалған оқушыға дайын материалды беріп жіберіп, меңгеріп алуын қамтамасыз етеді.