Слайд 8
Мұғалімнің жалпыпедагогикалық дайындығы белгілі бір заңдылықтарға негізделген объективті үдеріс [2]. Біріншіден,
жалпыпедагогикалық дайындық жүйесінің қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуымен, оның міндеттерімен байланыстылығы; екіншіден, жалпыпедагогикалық дайындықтың мазмұнының, түрлері мен әдістерінің педагогика ғылымы мен мектеп практикасының даму деңгейіне, педагогикалық іс-әрекеттің сипаты мен мазмұнына сәйкестігі; үшіншіден, жалпыпедагогикалық дайындық үдерісінде болашақ мұғалімдерді оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың бірлігі; төртіншіден, жоғары оқу орны студенттерінің жалпыпедагогикалық дайындығының мақсаттарының, функцияларының, мазмұны мен әдістерінің өзара байланыстылығы; бесіншіден, жалпыпедагогикалық білім, біліктілік және дағды сапасының студенттердің оқу-танымдық, оқу-тәжірибелік және өзіндік тәжірибелік іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мазмұнына, түріне және әдістеріне тәуелділігі; алтыншыдан, жалпыпедагогикалық дайындықтың мазмұны мен әдістерінің студенттердің жеке ерекшеліктеріне тәуелділігі.