Қоғамдық сананы модернизациялаудағы сыни ойлау

Содержание

Слайд 2

Жоспар: КІРІСПЕ НЕГІЗГІ БӨЛІМ Ғаламдық өзгеріс Рухани жаңғыру Сыни ойлау Білім беру ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Жоспар:
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ғаламдық өзгеріс
Рухани жаңғыру
Сыни ойлау
Білім беру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Слайд 3

Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр,

Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі

бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл- масақ, көш басындағы елдрмен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніміздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.
Слайд 4

Қазақ халқының ұлттық болмысы ғасырлар бойы қалыптасып, бекем орныққан, сондықтан да

Қазақ халқының ұлттық болмысы ғасырлар бойы қалыптасып, бекем орныққан, сондықтан да

ол қазақ рухын небір күйзелістерден аман алып келе жатқан айрықша қасиетке ие. Халқымыздың сол қасиетін танытатын формула күллі материалдық байлықтан адами құндылықты биік қоятындығымен ерекшеленеді. Өйткені бағзы заманда әділеттілік, адалдық, шыншылдық және ахлақ (мораль) дәулет атаулыдан әлдеқайда артығырақ бағаланатын. Бірақ заман ауысты, бір кездері құбылмалы саясат билеген уақыт ыңғайынан туындаған кемшіліктер кейіннен үлкен дертке айналды. Құндылықтардың өзгеруі және сол орайда, шынын айту ләзім, билік буындарына жеке баҫының байлығын жасап алғандар ғана барады деген ұғымның пайда болуы лсихиканы аздырды. Бұрындары «малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы» делінетін, ін, барша игіліктен арды, ұятты, ахлақты жоғары қоятын қазақтың өмір сүру ережесі қатты өзгеріске ұшырады.
Слайд 5

Тиісінше ұлттың этикалық қоды бұзылды немесе бұзылып бара жатыр. Салдары -

Тиісінше ұлттың этикалық қоды бұзылды немесе бұзылып бара жатыр. Салдары -

бүгінгі қоғамның барлық 51% саласын жайлаған сыбайластық пен сыбайлас жемқорлық, көпке түсініктірек тілмен айтқанда - коррупция. Коррупция жыкпылдарымен еркін шарлауға машықтанғандар үшін әділдік пен ар-ұяттың іс-әрекетке бақылаушы яки тежегіш бола алмайтыны аныққа айналды. Тілге тиек етіп отырған бағдарламалық мақала осы құбылыспен күресуге шақырады, адамгершілік ұстынымызды нығайтуға мегзейді.
Слайд 6

Слайд 7

«Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді осыны

«Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді осыны

айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру ел болашағы-жас ұрпақты жаңа инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет. Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б. Мақсаты-мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық педагогикалық әдістемелік білімді педагогикалық шеберлікті, бабалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Слайд 8

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қалың халықтың көңілінен шыққан «Болашаққа бағдар: ұлттық жаңғыру»

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қалың халықтың көңілінен шыққан «Болашаққа бағдар: ұлттық жаңғыру»

атты мақаласында санамыздың ісімізден озық жүруінің маңыздылығын атап, жүйелі түрде талдап көрсетті. Халық ассамблеясының 26 сәуірде «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен өткен 25-ші сессиясында 12 сәуірде жарық көрген сол бағдармалық мақаласын кеңейтіп түсіндірді. Қоғамдық сананы модернизациялау (қазақшалағанда – жаңарту)мәселесін таратып әңгімеледі. (Модернизацияны мен осылай, жаңару деп аударғанды дұрыс көрем.Өйткені жаңғыру сөзі, менің ойымша, – ұмыт боп бара жатқан әлдененің қайта түлеуі(возрождение, ренессанс) ұғымын береді, ал алға қойылып отырған мәселе сананы жаңа сапағакөтеру жайында болғандықтан, бұл жерде жаңару (обновление, модернизация) сөзін қолданғандәлірек болар еді).
Слайд 9

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қойылған

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттер  -

негізінде қоғамдық сананы жаңғырту тұрғысынан қарастыруға арналады. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, әрі ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Егер, осы ретте қарастырлып отырған рухани сана мәселелерінің пайда болу себептері ретінде  жаңа сыни ойлау мен қоғамдық санада әлі де болса орын алып отырған ескі стереотиптер арасындағы келіспеушілікті жою деп алып қарастырсақ, онда бірінші кезекте  бізге ойлау жүйесін жаңғырту қажет. Себебі, өмір сүру үшін өзгере білуіміз керек. 
Слайд 10

Америкалық саясаттанушы Карл Дойч ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының өзінде «Жаңғырудың сыни

Америкалық саясаттанушы Карл Дойч ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының өзінде «Жаңғырудың сыни мәселесі

– бұл экономикадағы құрылымдық өзгерістер емес, құндылықтар жүйесіндегі өзгерістер» деген болатын.  Біздің барлық қорқыныштарымыз, шектеулеріміз, тілемейтін ойларымыз тек өз басымызда ғана екені сөзсіз анық. Сондықтан, жеке мақсаттарды іске асыруымыз тек біздің өзімізге, алдағы міндеттерді қалай сезініп, түсінетімізге, табысқа жетуге қаншалықты ынталы екенімізге, әрқайсымыздың өз өмірімізде оң өзгерістер болуы үшін қандай әрекеттер жасауымызға байланысты. Аталған өзгерістердің өзекті бағыттары Елбасының мақаласында айқын баяндалып, ұсынылған.  «Егер сен әлемнің өзгергенін қаласаң, өзің сол өзгеріс бол» 
Слайд 11

Сонымен модернизациялау дегеніміз артта қалған мемлекеттерді алда келе жатқан дамыған мемлекет

Сонымен модернизациялау дегеніміз артта қалған мемлекеттерді алда келе жатқан дамыған мемлекет қатарына

қосу болып табылады.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері сол мақсатта жылдармен таласып өмір сүріп келеді.Бұл үшін бізге сыни тұрғыдан ойлай білу маңызды.
Слайд 12

Слайд 13

Сыни ойлау- фактілерді анализдеу арқылы тұжырым қалыптастыру. Бұл ұғым күрделі және

Сыни ойлау- фактілерді анализдеу арқылы тұжырым қалыптастыру. Бұл ұғым күрделі және

әртүрлі анықтамаларға ие, ол негізінен рационалдылықты, скептикалықты, сыңаржақтылықсыз анализдеуді және факттік дәлелдерді тексеруді қамтиды. Сыни ойлау дегеніміз өз-өзін басқаратын, өз-өзін тәрбиелейтін, өз-өзін бақылайтын және өз-өзін түзететін ойлау формасы. Оның алғышарты сананы кемелдендірудің қатаң стандарттарына келісу және оларды сергек қолдану болмақ. Сыни ойлау тиімді қарым- қатынас жасау мен проблемаларды шешу қабілеттерін меңгеруді талап етеді, сондай-ақ болмысымыздағы табиғи эгоцентризмді және социоцентризмді жеңуді міндеттейді
Слайд 14

Сыни ойлау проблема шешуге бағытталумен қатар өзінділікпен (дербестк) ерекшеленеді: қандай да

Сыни ойлау проблема шешуге бағытталумен қатар өзінділікпен (дербестк) ерекшеленеді: қандай да

болмасын мәселе/ақпарат бойынша өзіндік түсінік қалыптастырып, оған тәуелсіз тұрғыдан баға беру, дербес шешім қабылдау. Сыни ойлауды дәріптеушілердің бірі Ричард Поль мына аумалы-төкпелі, күнделікті өзгеріп отырған заманда адам «өз инстинктеріне бостан босқа сенбеуі керек» деп есептейді. Мұның себебі мынада: адам өз түсініктерін, ұстанымдарын, құндылықтар мен нанымдарын бірден қалыптастырмай (мысалы, сезімдер жетегімен немесе басқа біреудің айтқаны бойынша), олар туралы терең ойланып, оның бәрін күмәнмен қабылдап, «тұлабойынан» өткізуі қажет.
Слайд 15

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білімберуді дамыту үшін маңызды болып табылатын

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білімберуді дамыту үшін маңызды болып табылатын

қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль балалардың да, педагогтердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта балалардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы.
Слайд 16

Қорыта келе, сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың сабақ сапасына әсері өте

Қорыта келе, сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың сабақ сапасына әсері

өте мол. Сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді. Баланың логикалық ойлау қабілеті дамып, сабақтың сапасын артады. Ізденушілігін арттырып, өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігі күшейеді. Оқушылар сабаққа зор ынтамен қатысады, сабақ та сапалы өтеді. Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету, мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады

ҚОРЫТЫНДЫ