Педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы

Содержание

Слайд 2

Жоспары: Бәсекелестікке қабілетті тұлғаның қалыптасуы – ұстаз шеберлігінің қолында Мұғалімнің кәсіби

Жоспары:

Бәсекелестікке қабілетті тұлғаның қалыптасуы – ұстаз шеберлігінің қолында
Мұғалімнің кәсіби жетілу жолдары
Өзгерістер

мен кәсіби өсуінің көрсеткіштерін анықтау
Слайд 3

Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен

Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен

тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек. Сондықтан мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс.
Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы біліммен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету.

Бәсекелестікке қабілетті тұлғаның қалыптасуы– ұстаз шеберлігінің қолында

Слайд 4

Кәсіби мұғалім - құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен

Кәсіби мұғалім -  құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен

жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, Педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада – педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды, кәсіби дамуды көздейді.
Слайд 5

Кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім саласында жетілу және кеңею,

Кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім  саласында жетілу және кеңею,

тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.
Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.
Кәсіби даму іс – әрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, дизайнер, әртіс және тағы басқа.
Педагогтың кәсіби дамуының психологиялық теориясының басты идеясы мынадай негізгі жағдайларда қалыптасады:егер оқу – танымдық үрдіс орын алса, онда оның даму үрдісі де орын алады. Сондықтан білім мен түрткілер тұлғаның кәсіби дамуының негізі болады. Әр тұлға өзінің білімін жетілдіріп, түрлі түрткілерден қуаттанып, әрекетке көшетіні анық дүние. Кәсіби тұрғыдан үнемі дамып отырған педагог психологиясы айқын сезіліп, жұмыстануға, өзгені де дамытуға оң ықпалын тигізері сөзсіз.
Слайд 6

Мұғалімді өздігінен білімін жетілдіруге ықпал ететін бұл қажеттіліктің құрамы, мотивтері мынадай:

Мұғалімді өздігінен білімін жетілдіруге ықпал ететін бұл қажеттіліктің құрамы, мотивтері мынадай:
-күнделікті

ақпараттар бойынша жұмыс жүргізу.
-творчествоны қалау.
-заманауи ғылымның өте жоғарғы қарқынмен өсуі.
-қоғам өмірінде өтіп жатқан өзгерістер.
-бәсекелестік.
-қоғамдық пікір.
-материалдық ынталандыру.
-ынта-ықылас.
Слайд 7

Өздігінен білімін жетілдіру процесінде педагог қолданатын іс-әрекеттер: -өзін өзі өзгерту туралы

Өздігінен білімін жетілдіру процесінде педагог қолданатын іс-әрекеттер:
-өзін өзі өзгерту туралы шешім

қабылдау;
-өзін өзі жетілдіру бағдарламасын жасау;
-бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты атқарылатын жұмыстар;
-бағдарламаның орындалу нәтижелері бойынша өзіне өзі талдау жасау;
-алға жаңа мақсаттар мен міндеттер қою.
Слайд 8

Өздігінен білім жетілдіру бастаулары. Мұғалім әр түрлі дерек көздерінен өздігінше білім

Өздігінен білім жетілдіру бастаулары.
Мұғалім әр түрлі дерек көздерінен өздігінше білім жинайды,

оны кәсіптік қызметінде, өзінің тұлғалық даму сатыларында пайдаланады.
Бұл қандай білім көздері?
-ақпараттық құралдар;
-әдебиеттер(әдістемелік, ғылыми-танымдық, публистицистикалық, көркем және т.б.)
-интернет;
-ақылы курстар, біліктілік арттыру курстары;
-семинарлар мен конференциялар;
-шеберлік сыныптары;
-тәжірибе алмасу шаралары;
-экскурсиялар, театрлар, музейлер, саяхаттар, концерттер.