Бүйректің жіті жетіспеушілігінің клиникалық көріністері

Содержание

Слайд 2

Кіріспе Негізгі бөлім Бүйрек қызметінің жетіспеушілік синдромы Бүйректің жіті жетіспеушілігі және

Кіріспе
Негізгі бөлім
Бүйрек қызметінің жетіспеушілік синдромы
Бүйректің жіті жетіспеушілігі және оның этиологиясы мен

патогенезі
Бүйректің жіті жетіспеушілігінің клиникалық көріністері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар:

Слайд 3

Бүйрек қызметінің жетіспеушілігі (insufficientia renalis)- организмде азот қалдықтарының кідіруімен және судың,

Бүйрек қызметінің жетіспеушілігі (insufficientia renalis)- организмде азот қалдықтарының кідіруімен және

судың, электролиттердің,қышқылдық негіздіктердің тепе-теңдігін ушықтыратын бүйрек қызметінің бұзылуымен сипатталатын патологиялық жағдай.
Слайд 4

Бүйрек қызметінің жедел жетіспеушілігі (insufficentia renalis acuta)-улану,шок,жұқпалы аурулар кезінде бүйрек тіндерінің

Бүйрек қызметінің жедел жетіспеушілігі (insufficentia renalis acuta)-улану,шок,жұқпалы аурулар кезінде бүйрек

тіндерінің жедел зақымдануынан кенеттен пайда болған бүйрек қызметінің жетіспеушілігі.
Слайд 5

Слайд 6

1)Бүйрек алдылық: Жарақат шогы; Электрлік жарақат; Қансырау,күйік; Сепсис; Сиымсыз қан құю;

1)Бүйрек алдылық:
Жарақат шогы;
Электрлік жарақат;
Қансырау,күйік;
Сепсис;
Сиымсыз қан құю;
Операциялық шок
Миокард инфаркты;
Жұқпалы аурулар;

Слайд 7

-қан тамырларының сілейме,коллапс кездеріндегі жіті жеткіліксіздіктері; -организмнің сусыздануы; артық ыдырап кетуі,миолиз

-қан тамырларының сілейме,коллапс кездеріндегі жіті жеткіліксіздіктері;
-организмнің сусыздануы;
артық ыдырап кетуі,миолиз дамуы;
-эритроциттердің әртүрлі

себептерден артық гемолизі
Слайд 8

Бүйректік себептерге: -бүйрек тінін тікелей бүліндіретін ауыр металдар,улы химиялық заттар,дәрі- дәрмектер(антибиотиктер,сульфаниламидтер,барбитураттар

Бүйректік себептерге:
-бүйрек тінін тікелей бүліндіретін ауыр металдар,улы химиялық заттар,дәрі- дәрмектер(антибиотиктер,сульфаниламидтер,барбитураттар

т.б.),саңырауқұлақтар мен жылан улары,анаэробты жұқпалар.
-жіті гломерулонефриттер мен пиелонефриттер.
-бүйрек тамырларының тромбозы мен эмболиясы және т.б. жатады.
Слайд 9

Несепағар обструкциясы(тастар,қан қатпарлары,қабынулық ісіну) Несепағардың сырттан қысылып қалуы,(іш қуысының өспелері) Қуықта

Несепағар обструкциясы(тастар,қан қатпарлары,қабынулық ісіну)
Несепағардың сырттан қысылып қалуы,(іш қуысының өспелері)
Қуықта несептің артық

жиналуы

Бүйректен кейінгі себептерге:

Слайд 10

Слайд 11

Патогенезі БЖЖ даму жолдарында көпшілік себепкер ықпалдардың әсерлерінен бүйректің ,әсіресе оның

Патогенезі
БЖЖ даму жолдарында көпшілік себепкер ықпалдардың әсерлерінен бүйректің ,әсіресе

оның сыртқы қабатында қан айналымның бұзылыстары,ишемия дамуының маңызы өте зор. Ишемия айналымдағы қан көлемінің азаюынан,бүйрек шумақтарына енетін артериолалардың қатты жиырылып қалуынан немесе тамыр ішінде шашыранды қан ұю синдромы дамуынан байқалады. Ишемияның нәтижесінде шумақ қылтамырларында қан қысымы төмендеуінен несептің сүзілуі азаяды.
Слайд 12

Егер бүйрек ишемиясы ұзаққа созылса,онда бүйрек өзекшелерінің эпителий жасушаларында некроз дамуына

Егер бүйрек ишемиясы ұзаққа созылса,онда бүйрек өзекшелерінің эпителий жасушаларында некроз

дамуына дейін әкелетін дистрофиялық өзгерістер дамиды,нефрон шумақтарының тіректік мембраналарының тұтастығы бұзылады. Нефрон өзекшелерінде эпителий жасушаларының құрылымдық бұзлыстарынан шеткері өзекшелерде алғашқы несептен натрий иондарының кері сіңірілуі азаяды.
Слайд 13

Осыдан алғашқы зәрде натрийдің көбеюі бүйрек шумақтары маңындағы жасушаларда ренин түзілуін

Осыдан алғашқы зәрде натрийдің көбеюі бүйрек шумақтары маңындағы жасушаларда ренин түзілуін

артырады. Ренин ангиотензин І-ді ІІ -ге айналдырып,бүйрек шумақтарына келетін артериолалардың жиырылуын тудырады.
Слайд 14

Жіті бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің сатылары: 1)Бастапқы (бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін)

Жіті бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің сатылары:
1)Бастапқы (бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке

дейін) бүйрек қызметінің бұзылыстары байқалмайды.Қан айналымның бұзылыстары байқалады 2) Олиго-анурия (екі аптадай мөлшерде) Тәуліктік диурез 500 мл-ден аз.Бір- екі тәуліктен кейін олигурия ануриямен ауысып,тәулігіне бар –жоғы 50-100 мл несеп шығарылады;
Слайд 15

3) Полиурия (3 аптадай) Қалпына келе бастаған эпителий жасушаларының қызметі әлі

3) Полиурия (3 аптадай) Қалпына келе бастаған эпителий жасушаларының қызметі әлі

толық қалыптаспауына байланысты болады.Осыдан организмнің сусыздануы;несеппен көптеп калий,магний,хлор жоғалтуынан бұлшық еттің әлсіздігі,гипорефлексия
4)Сауығу (6-24 ай ішінде) Біртіндеп диурездіңкөлемі қалыптасады, өзекшелердің эпителий жасушаларының қызметі қалпына келеді.Қанда креатинин мен зәрнәсілдің деңгейі қалпына келуі болады
Слайд 16

Бүйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігінің екінші және үшінші сатыларында уремия дамиды. Бұл

Бүйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігінің екінші және үшінші сатыларында уремия дамиды.

Бұл кезде бүйректің барлық қызметтері бұзылады. Уремияның даму жолдарында:
несеп сүзілуінің,сонымен бірге азоттық заттардың,аммоний иондарының т.б. заттардың сыртқа шығарылуының бұзылуынан;
су мен тұздардың организмдегі тепе теңдігі бұзылуынан;
Д витамині алмасуының бұзылуынан;
көптеген гормондардың ыдыратылуы мен сыртқа шығарылуы бұзылыстарының;
бүйректе эритропоэтин,простагландиндердің,кининдердің,урокиназаның т.б. өндірілуі қатты азаюының маңызы зор.
Слайд 17

Бүйректе несеп сүзілуінің қатты азаюынан қанда 200-ден астам улы өнімдер жиналып

Бүйректе несеп сүзілуінің қатты азаюынан қанда 200-ден астам улы өнімдер жиналып

қалады. Солардың ішінде зәрнәсілдің,креатиннің,зәр қышқылының фенолдардың,полиаминдердің т.с.с. деңгейі 2-5 еседен астам көтеріледі. Бұл азоттық заттар организмге көптеген улы әсер етеді:
Слайд 18

Организмде жиналған улы өнімдер сыртқа ішек қарын,тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары

Организмде жиналған улы өнімдер сыртқа ішек қарын,тыныс алу жолдарының шырышты

қабықтары және тері арқылы шығарыла бастайды. Сонымен бірге,олар организм қуыстарына жиналып,түршіктіргіш және уландырғыш әсер етеді. Осылардың нәтижелерінде орталық жүйке жүйесінің,сыртқы тыныс алу ағзаларының,жүрек пен қан тамырларының,қанның,ішек қарын жолдарының,терінің ауыр бұзылыстары байқалады.
Слайд 19

Осындай ауыр бұзылыстардың нәтижесінде: Жүйкелік жандүниелік бұзылыстар:бас ауруы,полиневрит,тырыспа,селкілдек,ұйқы қашу,тұнжырау,қалжырау,кома дамуы болады.

Осындай ауыр бұзылыстардың нәтижесінде:
Жүйкелік жандүниелік бұзылыстар:бас ауруы,полиневрит,тырыспа,селкілдек,ұйқы қашу,тұнжырау,қалжырау,кома дамуы

болады.
Ішек қарынның бұзылыстары: жүрек айну,құсу,тәбеттің жоғалуы,іш өтуі байқалады,гастроэнтероколит байқалады.
Жүрек қантамырлар жүйесінің бұзылуы айналымдағы қан көлемі ұлғаюына,артериялық қан қысымы көтерілуіне,жүрекқаптың қабынуына,артынан жүрек қызметтерінің әлсіреуіне әкеледі.
Слайд 20

Бүйректің жеткіліксіздігінің негізгі көрсеткіштері болып: бүйрек шумақтары арқылы несеп сүзілудің қарқыны

Бүйректің жеткіліксіздігінің негізгі көрсеткіштері болып:
бүйрек шумақтары арқылы несеп сүзілудің қарқыны азаюы;егер

ол қалыпты жағдайда минутына 100 мл болса, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде 10-15 мл- ге дейін немесе одан да төмен азаюы мүмкін.
Несеп шығарылуының азаюы немесе толық тоқтауы(олигурия,анурия дамуы);
Гиперазотемия- қанда нәруыздар алмасуының соңғы өнімдері (зәрнәсіл,зәр қышқылы,креатинин,индикан, т.б)жиналып қалуы;
Слайд 21

Гипостенурия және изостенурия дамуы; Гипо-немесе гиперкалиемия,гипонатремия, гиперсульфатемия, гиперфосфатемия дамуы; Организмде және қанда ацидоз дамуы есептеледі.

Гипостенурия және изостенурия дамуы;
Гипо-немесе гиперкалиемия,гипонатремия, гиперсульфатемия,
гиперфосфатемия дамуы;
Организмде және қанда ацидоз

дамуы есептеледі.
Слайд 22

БЖЖ даму жолдарында көпшілік себепкер ықпалдардың әсерлерінен бүйректің ,әсіресе оның сыртқы

БЖЖ даму жолдарында көпшілік себепкер ықпалдардың әсерлерінен бүйректің ,әсіресе оның

сыртқы қабатында қан айналымның бұзылыстары,ишемия дамуының маңызы өте зор. Организмде азот қалдықтарының кідіруімен және судың, электролиттердің,қышқылдық негіздіктердің тепе-теңдігін ушықтыратын бүйрек қызметінің бұзылуымен сипатталатын патологиялық жағдай.

Қорытынды: