1. Жалпы ережелер
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан
Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсетуді қамтиды.
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (бұдан әрі - ТМККК) мыналар кіреді:
1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
2) амбулаториялық-емханалық көмек, ол:
медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі - МСАК);
медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі - КДК) қамтиды;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны (шекті көлемі) шеңберінде МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, төтенше айғақтары бойынша - жолдаманың болу-болмауына қарамастан берілетін стационарлық медициналық көмек;
4) МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі.
ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДІК
БЕРІЛГЕН КӨЛЕМІНІҢ ТІЗБЕСІ