Слайд 7
![Л.Толстой өзін мазалаған мәселелерге жауап іздеу үшін Сократ, Шопенгауэр, Соломон сияқты](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/1342432/slide-6.jpg)
Л.Толстой өзін мазалаған мәселелерге жауап іздеу үшін Сократ, Шопенгауэр, Соломон сияқты
ойшылдардың өмір туралы ойларын қорытады.. Өзін қоршаған адамдардың өмір сүру салтын, өмірдегі мақсаттарын және ақыл-ой деңгейін асықпай бақылаған жазушы оларды өмірдің мәні туралы ойлану қабілетіне қарай торт топқа бөледі:
1) Ештеңе білмеу жолы — өмірдің зұлымдыққа толы және мәнсіз екендігін білмей де, түсінбей де өмір кешетіндер. Осылайша жайбарақат, Қаннен-қаперсіз өмір сүретіндердің қатарында, Л.Толстойдың ойынша, өте топас, өте жас адамдар және әйелдердің көпшілігі.
2) Эпикур жолы — өмірдің үмітсіздігін, өтпелілігін түсініп, бар нәрсенің пайдасын, қызығын көріп қалуға тырысу.
3) Күш пен энергия жолы — өмірдің мәні жоқтығына, сондықтан оны жою керектігіне көзі жетіп, өзін-өзі өлтірушілер. Жазушы бұл топты ерекше бөліп атап, өзін өлімге қиюдың оңай еместігін, оған үлкен жігер мол қуат иелері ғана бара алатындығын ескертеді.
4) Әлсіздік жолы — өмірдің мәні жоқ екендігін біле тұра, өмір ағынына еріп өмір сүру