Слайд 9
![Қатерлі ісік жер шарында бірдей барлық адамдарда кездеседі, жасы 40 қа](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/1352227/slide-8.jpg)
Қатерлі ісік жер шарында бірдей барлық адамдарда кездеседі, жасы 40 қа
жетпегендерде дәнекер тіндерден пайда болатын ісік- саркома, ал 40 жастан асқандарда -рак кездеседі. Олар негізгі үш факторға байланысты: физикалық, химиялық және биологиялық. Бұл факторлар қоршаған ортада кең таралғандықтан, солардың әсерінен әртүрлі қатерлі ісіктер пайда болады. Мысалы қанцерогендік химиялық заттар (3-4 бензпирен, нитрозамин, афлотоксиндер т.б.), адамдағы рактың бір түрін қоздырса, физикалық факторлар көбінесе терідегі ракты қоздырады, ал биологиялық факторлар, оның ішінде вирустар жыныс мүшелердегі ракты қоздырады.
Адамзат өмір сүру үшін, өзіне керекті заттарды өндіруге мәжбүр, ал оны өндіре отырып, онымен бірге қанцерогендік заттардың пайда болуына жол береді. Ядролық жарылыстар адам өміріне тікелей әсер етуде. Экологиялық жағдайлар әрбір құрлықтарда әртүрлі, сондықтан рактың пайда болуы да әртүрлі. Өлкелік өзгешіліктері бар. Мысалы Австралияда тері рагы өте жиі кездессе, ол түрік тектес елдерде өте сирек кездеседі. Еуропалық әйелдерде - сүт безі рагы мұсылман елдермен салыстырғанда басым.