Қоғамдағы философиялық түсінігі
Жоспары: 1.Қоғамның философиялық түсінігі 1,1.Өндіріс тәсілі. 1,2. Базис пен қондырма. 2.Өрдіргіш күштер. Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой-пікірлер, идеялар мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде-ақ қалыптаса бастады. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болды, ол қалай дамиды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде, қоғамдық құбылыстар мен процестердің байланысы қандай, өзара әсер, себеп, қарым-қатынастар заңдылықтары бар ма, тағы басқа көптеген сұрақтар, ой-пікірлер және идеялар туады. Ал мұндай ой-пікірлер мен идеялар адамдардың қоғамға бірігуінен және осының негізінде өздерінің тіршілігін сақтау, күн көру, одан әрі даму қажеттілігінен, олардың тікелей тәжірибелік өмірімен байланысты туды. Қоғамдық құбылыстарды, процестерді, тарихты танып- білуде, өзгертуде философия тарихында материализм мен идеализмнің арасында ұдайы қарама-қарсы кескілескен күрестер жүргізіледі. Матеркализм қоғамды, оның даму заңдарын дұрыс ғылыми тұрғыдан түсіндірмекші болып әрекет жасаса, идеализм, керісінше, ғылымға жат, қоғамдың тәжірибеге сүйенбеген, көбінесе оларды діни тұрғыдан түсіндірмекші болады. Өйткені, бұл бағыттарды қолдаушы қоғамда әр түрлі әлеуметтік таптар мен топтар болады. Қоғамдық құбылыстар, процестер заңды дамиды. Бұл заңдар объективті сипатта болады. Өзінің іс-қимылы мен тәжірибелік қызметінде адам даму заңдарының өмір сүріп тұрған жағдайлары мен шарттарын өзгертеді, бірақ заңдардың өзін қолдан лсасап, не жоя алмайды. Қоғам заңдары үстірт жатқан жоқ, оларды тікелей бақылау арқылы қабылдау қиын. Олар абстракті ойлау арқылы белгілі болады.