Слайд 4
![Олар не жарылып эрозияға айналады не кеуіп, түрлі түсті ( ішіндегі](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/451046/slide-3.jpg)
Олар не жарылып эрозияға айналады не кеуіп, түрлі түсті (
ішіндегі сұйықтыққа байланысты) қабықтар құрайды, бірте — бірте осы қабықтың астыгда эпидермис жазыла бастайды да, пигментті дақ қалдырады. Науқасты өте қатты қышыма қинайды. Бірнеше аптаға не айға созылған ауруға ауық — ауық жаңадан бөртпелер шығып тұруы тән. Бірте — бірте зақымданған ошақтары көбейеді. Локальды түрі өте сирек кездеседі, жиі симметриялы терінің шектеулі ошағында, көбінесе сирақ пен білекте, қайталанып тұрады. Үнемі қасудан бұл жердің терісі қалыңдап, тұрпайланып кетеді де нейродермитті еске түсіреді, осының тұсында әлсін — әлсін үлкен көпіршіктер шығуы мүмкін. Ауыздың, жыныс мүшелерінің т.б.шырышты қабықтарында, әдетте, үлкен көпіршектер шықпайды. Науқастың халі қанағаттанарлық, іш құрылысы өзгермейді. Балалар мен жасөспірімдерде, аурудың бастапқы кезеңінде немесе қайталанғанда дене қызуы 37,5 — 38 дейін көтерілуі мүмкін (бөртпелер шығар алдында).