Көбейту және бөлуді пысықтау
Мақсаты: Көбейту және бөлудің кестелік жағдайы туралы білімдерін бекіту.
Білімділік: көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау,танымдық қабілеттерін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру
Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балаларды ұйымшылдыққа, жылдамдыққа,тапқырлыққа,қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтеуге үйрету,Отанға, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Типі: Білімді бекіту, бір жүйеге келтіру.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, іздену, қайталау,кіріктіру, топтық жұмыс.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, ұлттық ойындар, дидактикалық үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану, дене шынықтыру.